Директордың блогына қош келдіңіздер!

Туберкулезге қарсы диспансер облыс тұрғындарына туберкулезге қарсы көмекті жүзеге асыратын мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымы және емдік-кеңестік және профилактикалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орталық болып табылады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатында туберкулезбен күреске басым көңіл бөлінеді  және айрықша мағынаға ие. Елбасымыздың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Республика тұрғындарының туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішін төмендетуге көңіл бөледі. Біз медициналық көмектің сапасын үнемі жақсарту үстіндеміз және қызметкерлердің отандық, халықаралық оқыту институттарында біліктілігін арттыру бағытында белсенді жұмыстанудамыз. Мемлекет қамқоршылығының арқасында туберкулезді диагностикалау және емдеу  тегін жүргізіледі.

Біздің жұмысымыздың ұстанымдары -  қол жетімділік, профилактикалық бағыт, АМСК ұйымдарымен өзара қатнаста, сабақтастықта болу.

Бұл жерде Сіздер мазалап жүрген сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар, ұсыныстар қалдыруларыңызға немесе тәжірибие алмасуға,  өзара қызығушылық туғызатын сұрақтар бойынша пікір алмасуға болады. Сіздің барлық жүгінулеріңіз, мәселелеріңіз қаралады және жауапсыз қалмайды.