Егер Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаса
Не істеу керек:

Сізге өзіңіздің мәртебеңізге қамқорлық жасау қажет!

  1. Егер Сіз өзіңізді жұмыссыз санасаңыз және есепке жұмыссыз ретінде тіркелгіңіз келсе, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту Орталығына, ХҚКО-на немесе селолық округ Әкіміне жолығуыңыз қажет.
  2. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында болсаңыз (жеке извоз, құрылыс, бизнес, қызмет көрсету, сауда және т.б.), онда Сізге ЖК ретінде тіркелу қажет. Бұл жағдайда, Сіз  міндетті жарналарды ЖК ретінде төлейтін боласыз. Сізге тұрғылықты жері бойынша салық органына жолығу қажет.

Егер Сіздің табысыңыз жылына 12 АЕК-тен аз болса, онда Сіз жарнаны өзін-өзі қамтушы продуктивсіз ретінде төлейсіз.

Өзін-өзі қамтушы продуктивсіз ретінде тіркелу үшін, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту Орталығына, ХҚКО-на немесе ауылдық округ Әкіміне жолығуыңыз қажет. 

МӘМС жүйесінде одан әрі жарналар мен аударымдарды анықтау үшін және бұдан әрі - медициналық көмек алу үшін Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталуы тиіс!

 

 

 

 

 

 

МӘМС деген не?          Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы