12 мамыр - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ. «Мейіргерлер күні» мерекесінің туындау тарихы 19 ғасырдың басынан басталады. Бұл күні қайырымдылық қызметінің негізін салушы мейіргер Флоренс Найтингейл дүниеге келген.

Крым соғысы кезінде соғыс әрекеті кезінде өлімнің азаюына едәуір жағдай туғызып, бұл әйел жаралы сарбаздарды күтуге алғашқы қызметті ұйымдастырған. Ол әлемде қайырымдылық мейіргерлер мектебін құру үшін қайырымдылық қорын ұйымдастырды. 1934 жылы Ф. Найтингейл атындағы Халықаралық қор құрылып, осы бастама бойынша Халықаралық мейіргерлер күні жыл сайынғы мейрам болып қалыптасты. Мейіргерлер болмаса медицинаны елестету өте күрделі іс. Статистика деректері бойынша мейіргерлерге ауруларды күту үшін 80 % ауыртпалық түседі екен.

Кеше 11 мамыр күні Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде Халықаралық мейіргерлер күніне орайластырылып орта мед.қызметкерлер арасында  байқау ұйымдастырылды.