ТЕМЕКІ шегу алде ДЕНСАУЛЫҚ?! Таңдау сізде...

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отыр. Ал Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның
түбіне темекі жетуі мүмкін.

Темекі шегуді тастау – оңай емес, бірақ оны іске асыруға болады. 

Темекі шегуді бүгіннен бастап тастаудың 10 себебі: 

  1. Өзіңіздің отбасыңыз және достарыңыз үшін сізге темекіні тастау керек.
  2. Сіз дәрігерге сирек қараласыз және емделуге шығындарды азайтасыз.
  3. Сіз өз денсаулығыңызды жақсартасыз.
  4. Таңертең сіздің аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайды.
  5. Заттарыңыз бен жиһазды күйдірген дақтар енді болмайды.
  6. Саусақтарыңыздағы сары дақтар туралы сіз ұмытасыз.
  7. Егер күтпеген жерде біреуді сүйсеңіз, сіздің тынысыңыз таза болады.
  8. Сіздің машинаңыз, киімдеріңіз, шашыңыз, маңайыңыздағы барлық заттар хош иістенеді.
  9. Темекі шегу үшін үзілістерге шықпау себебінен жұмыста сіз көп іс тындырасыз.
  10. Сіз ақшаңызды үнемдейсіз. 

Бүгін темекі, ал ертең:

  • Жүрек және қантамыр аурулары
  • Асқазан ойық жарасы
  • Өңеш қатерлі ісігі
  • Бүйрек қатерлі ісігі
  • Катаракта
  • Көмекей қатерлі ісігі
  • Псориаз
  • Остеопороз
  • Ревматоидтық артрит
  • Туберкулез
  • Депрессия
  • Тромбоартрит
  • Ерте менопауза
  • Дауыс байламдарының полиптері
  • Миға қан құйылу
  • Ақ қан ауруы және т.б.