Санитарлық-ағарту жұмыстар

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған (24 наурыз) "Туберкулезді жою үшін бірігейік!" деген ұранмен «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ШЖҚ МКК –сі 2017 жылғы 24 ақпан – 24 наурыз күндері аралығында туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізеді.

2017 жылдың 1 және 10 ақпан аралығында"Облыстық туберкулезге қарсы диспансер" ШЖҚ МКК Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні және оған орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөнінде онкүндік өткізілді. Онкүндік ұраны: дене белсенділігін арттыруға баса ден қоя отырып, «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді» Келесі шаралар ұйымдастырылды:

«Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» ШЖҚ МКК 2015 жылдың 1-10 қыркүйек күндері аралығында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен Жол-көлік жарақаттану профилактикасы бойынша онкүндік өткізілді. Мақсаты: мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақаттану мәселесіне мемлекеттік органдардың және көпшіліктің назарын аудару.

ШЖҚ МКК «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» «МЕНІҢ ОТБАСЫМ –МЕНІҢ ҚОРҒАНЫМ!» ұранымен 2015 жылдың 24-тамызы мен 13-қыркүйегі аралығында «Ұлттық Отбасы күні» өткізілді. Негізгі мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің, әйелдер және ерлердің репродуктивті денсаулықтарын сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша тұрғындардың денсаулығын сақтау мен нығайту. Әрбір қазақстандықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, дене белсенділігін насихаттауға, дұрыс тамақтануға, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары бойынша өз денсаулықтарына деген  жауапкершіліктерін арттыру.

«Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» ШЖҚ МКК 2015 жылдың 1-10 маусым күндері аралығында жедел ішек инфекцияларын алдын алу бойынша онкүндік өткізілді. Мақсаты: жедел ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекцияның жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, өзін-өзі сақтау мінез-құлқын қалыптастыру жөнінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру.