Санитарлық-ағарту жұмыстар

Туберкулездің алдын алуы айлығы шеңберінде 2015 жылдың 10 наурызында № 9 мектептің 9-11 сынып оқушыларына Облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандарымен семинар өткізілді. 

3-наурыз күні Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 наурыз) орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде Облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандарымен туберкулезді ерте диагностикалау үшін жыл сайын профилактикалық тексерістен өту маңыздылығын түсіндіру мақсатында қаламыздың халық көп шоғырланатын «На театральной», «Рашид» сауда үйлерінің бойында акция өткізілді.

«Қазақстан – туберкулезден азат ел!» ұранымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні және соған орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Облыстық туберкулезге қарсы диспансер, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Жалын» жастар денсаулық орталығымен бірге 25 ақпан күні сағат 15.00-де ақпараттық білім беру материалдарын тарата отырып туберкулездің алдын алу бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агарлық-техникалық университетінде 2-курс студенттері арасында еріктілерді тартумен семинар-тренинг өткізілді.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандарымен қала мектептерінде Туберкулездің алғашқы белгілері, уақытылы емделудің тиімділігі, профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде шылымның, есірткінің, алкогольдің зиянын түсіндіру, үйлесімді тамақтану мен дене белсенділігін сақтау туралы оқушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында «Туберкулез профилактикасы» тақырыбында семинар-тренингтер өткізіліп жатыр.

ШЖҚ МКК "Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде" 2015 жылдың 2 ақпан және 11 ақпан күндері аралығында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні (4 ақпан) және оған орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөнінде онкүндік  өткізілді.