Санитарлық-ағарту жұмыстар

ШЖҚ МКК "Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде" 2015 жылдың 2 ақпан мен 28 ақпан аралығында «Халықты төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету айлығы» өткізілді. Айлық көлемінде 11-ақпанда сағат 14.00-де ОТҚД конференц залында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинар өткізуші БҚО бойынша ТЖ Департаментінің майоры Сисенгалиев Т.М.

2014 жылдың 19-желтоқсанында сағат 12.00-де Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледждің 1-курс студенттерімен "Туберкулездің алдын алуы" тақырыбында кездесу болды.

2014 жылдың 6-қарашасында сағат 11.00-де Облыстық туберкулезге қарсы диспансер дәрігері және Батыс Қазақстан Инженерлік Техникалық Университетінің 1-курс студенттерімен кездесу болды. Кездесудің негізгі мақсаты: жасөспірімдерге туберкулез дертінің берілу жолдарын, алдын алуын толықтай түсіндіру.

2014 жылдың 7-қарашасында "Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар" тақырыбында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинар барысында әсіресе Денсаулық мектебін ұйымдастыруына көп мән берілді. Мақсаты: медициналық қызметкерлер емделушілерге салауатты өмір салты дағдыларын үйрету.

2014 жылдың 20 қазан және 29 қазан күндері аралығында Дүниежүзілік алкогольден бас тарту күніне орай онкүндік өткізілуде.