Санитарлық-ағарту жұмыстар

«Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» ШЖҚ МКК 2015 жылдың 1-10 маусым күндері аралығында жедел ішек инфекцияларын алдын алу бойынша онкүндік өткізілді. Мақсаты: жедел ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекцияның жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, өзін-өзі сақтау мінез-құлқын қалыптастыру жөнінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру.

2015 жылдың 1 маусым күні ШЖҚ МКК «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру мақсатында түрлі викториналар, сурет конкурстары және балалар шығармашылығына концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Туберкулездің алдын алуы айлық шеңберінде Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан Медициналық колледжі және Ж.Досмухамедов атындағы Педагогикалық колледж студенттеріне «ТУБЕРКУЛЕЗДІ қалай жеңуге болады?» тақырыбында дәрістер өткізілді.