ШЖҚ МКК "Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде" 2015 жылдың 2 ақпан және 11 ақпан күндері аралығында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні (4 ақпан) және оған орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөнінде онкүндік  өткізілді.

Дүниежүзілік күнінің және онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөніндегі республикалық онкүндіктің мақсаты — онкопатология ауыртпашылығын төмендетудің ғаламдық мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару, онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау мәселелері бойынша республика халқының, медицина қызметкерлерінің ақпараттылығын арттыру; скринингтік тексеруден уақытылы өтудің қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыру.

ОТҚД конференц залында 5-ақпан күні сағат 12.00-де медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинар өткізуші Облыстық онкологиялық диспансер директорының орынбасары Тулемисов Н.М.