ШЖҚ МКК «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» «МЕНІҢ ОТБАСЫМ –МЕНІҢ ҚОРҒАНЫМ!» ұранымен 2015 жылдың 24-тамызы мен 13-қыркүйегі аралығында «Ұлттық Отбасы күні» өткізілді. Негізгі мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің, әйелдер және ерлердің репродуктивті денсаулықтарын сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша тұрғындардың денсаулығын сақтау мен нығайту. Әрбір қазақстандықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, дене белсенділігін насихаттауға, дұрыс тамақтануға, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары бойынша өз денсаулықтарына деген  жауапкершіліктерін арттыру.

Соған орай стационарда 10 қыркүйек күні сағат 09.00-де Балалар мен Жасөспірімдер бөлімінде СӨС медбикесі Алеева Е.М. «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар», «Репродуктивті денсаулық» тақырыптарына семинар өткізді. Балаларға ақпараттық-білім беру материалдары үлестіріліп, тақырыпқа сай слайд және бейнероликтер көрсетілді.