«Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» ШЖҚ МКК 2015 жылдың 1-10 қыркүйек күндері аралығында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен Жол-көлік жарақаттану профилактикасы бойынша онкүндік өткізілді. Мақсаты: мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақаттану мәселесіне мемлекеттік органдардың және көпшіліктің назарын аудару.

Балалар және жасөспірімдер бөлімінде ІІД маманының подполковник Лезов М.М. қатысуымен «Мектепке және үйге дейінгі қауіпсіз жол!» тақырыбында акция өткізілді. Балаларға блокнот, күнтізбелер үлестірілді.