2017 жылдың 1 және 10 ақпан аралығында"Облыстық туберкулезге қарсы диспансер" ШЖҚ МКК Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні және оған орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөнінде онкүндік өткізілді. Онкүндік ұраны: дене белсенділігін арттыруға баса ден қоя отырып, «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді» Келесі шаралар ұйымдастырылды:

1. Медициналық қызметкерлерге "Тері обыры" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Оқытушы: "Облыстық онкологиялық диспансер"ШЖҚ МКК хирург дәрігері Сайденов Р.Т.
2. Онкологиялық аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы жөнінде пациенттермен әңгімелесулер жүргізілді.
3. "Обырдың 35 белгісі", "Сүт безін тексеру", "Сүт безі обыры" тақырыбында бене фильмдер көрсетілді.