ШЖҚ МКК «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» келесі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді:

1)Диагностика: зертханалық (жалпыклиникалық, бактериологиялық), рентгенологиялық, функционалды, эндоскопиялық, ультрадыбыстық;

2)Фтизиатрия, фтизиохирургия, гинекология, стоматология бойынша ересек тұрғындарға амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді;

3)Фтизиатрия мамандығы бойынша балаларға амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіледі;

4)Фтизиатрия, торокальді хирургия, фтизиогинекология, фтизиопедиатрия, фтизиоурология, стомотология, фтизиотерапия бойынша ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек көрсетіледі;

5)Фтизиатрия, фтизиохирургия, стоматология мамандықтары бойынша балаларға стационарлық медициналық көмек көрсетіледі;

6)Стационаралмастырғыш көмек;

7)Тасымалдау барысында сүйемелдейтін, кезек күттірмейтін медициналық көмек;

8)Медициналық оңалту, қалпына келтіріп емдеу;

9)Сараптамалық медициналық қызмет;

10)Туберкулездің алдын алу, емдеу, диагностикалау мәселелері бойынша келісім шарт арқылы әдістемелік оқытулар;

11)Келісімшарт негізінде ағымды және ақырғы дәрілеулер, камералық дәрілеулер, дезинсекциялар және дератизациялар;

12)Келісімшарт негізінде жылжымалы флюорографиялық қондырғыларды қолданумен профилактикалық тексерістерді ұйымдастыру;

13)Келісімшарт негізінде дәрілеу шараларының сапасын бактериологиялық бақылау;

14)Мемлекеттік тегін медициналық көмек көлеміне кірмейтін ақылы медициналық қызмет көрсету;

15)Қазақстан Республикасынның Заңнамаларында бекітілген тәртіпке сәйкес көрсетілетін қосымша медициналық көмек түрлері.